Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

0 228

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, тізім келесі мерекелермен толықтырылды:

  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
  • Ветеринарлар күні – 10 шілде;
  • Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.

Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.