Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылады

0 111

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауылшаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және «Отбасы банкімен» бірлесе отырып, жұмысшыларға ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй бойынша жеңілдікті бағдарламаларды іске қосуды тапсырамын», деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Қазақстанға мыңдаған білікті жұмысшы қажет екенін айтты.

«Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақ дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін әкімдіктер мамандықтардың өңірлік атластарын қалыптастыруы қажет. Әзірге осындай құжаттар тек 9 өңірде ғана бар. Жастардың жұмыс кәсіптерін саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беру жұмысында жаңа тәсілдерді іске асыру қажет», деді Премьер-министр.