Қазақстанда VIP нөмірлер қанша тұрады

0 79

Елімізде жыл басынан бері 31 667 адам автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді сатып алған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ең арзан VIP нөмірлер: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 және цифрлық белгілеу нөмірлері бірдей әріпті нөмірлер. Әр нөмірдің құны 57 АЕК, яғни 210,330 теңгені құрайды.

Ал, ең қымбат VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Олардың құны 285 АЕК, яғни 1 051 650 теңге.

Бұл ретте қарапайым нөмірлердің құны Салық кодексімен реттеледі, ол 2,8 АЕК-ті құрайды.

Айта кетейік, қолжетімді сандар комбинациясын eGov порталынан, eGov Mobile қосымшасы, сондай-ақ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (арнайы қызмет көрсету орталықтары) қарауға болады.