Қазақстанда күн күрт суытады
«Қазгидромет» синоптиктері 16, 17 және 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Болжамға сәйкес, 16-18 сәуір аралығында Қазақстандағы ауа райын екі барикалық түзілім қалыптастырады; батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон ауа райының тұрақсыз сипатын тудырып, жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
«Кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтары солтүстік антициклонның ықпалында болып, күн суытады деп болжанады», — деді метеорологтар.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады.
Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
кезеңнің басында солтүстікте түнде -1…-8 градусқа дейін, күндіз +1…+8 градусқа дейін,
кезеңнің соңында шығыста түнде -2…-18 градусқа дейін, күндіз 0…+13 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.