Қабылдау ережелері өзгерді
2025 жылғы 2 сәуірдегі Қорғаныс министрінің бұйрығымен, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын әскери оқу орындарына түсу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы, «Aulieаtanews» ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Атап айтқанда, ережелердің бірнеше тармақтары жаңа редакцияда баяндалды.
Сонымен, өтініш берушілер әскери колледждердің қабылдау комиссияларына, әскери колледждер мен жоғары білім беретін әскери оқу орындарына түсуге қажетті құжаттар тізіміне сәйкес құжаттар пакетін ұсынады, «ҚР Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына түсуге үміткер ретінде қабылдау» мемлекеттік қызметін алу мақсатында, электронды үкіметтің eGov.kz веб-порталы арқылы әскери колледжге түсу өтінішін, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе, байланыс нөмірі операторымен берілген, тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік құпиясөз арқылы растаумен жолдайды, сондай-ақ құжаттар пакетін тіркейді.