Президент жұмыс сапарымен Ресейге барды
Мемлекет басшысы AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.
Айта кетейік, Мәскеуге сапар Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен ұйымдастырылған. Кездесу барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.