Президент Сыртқы істер министрін тағайындады
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Президент қол қойды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.