Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

0 263

50 келіде жұдырықтасатын Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Назым Қызайбай бірінші раундта ұпай саны бойынша артта қалғанмен, кейінгі кезеңдерде сенімді өнер көрсетті.

Солтүстік Кореялық Канг Су Хуангты соңғы раундта нокдаунға жіберіп, жеңісті өз атына тіркеді. Қорытынды нәтиже 29:28 есебімен Бангкоктағы бәсекеде Назым Қызайбайдың бағы жанды.

Осылайша, ол Қазақстан қоржынына 57 жолдаманы салды.