Оралда Жайық өзенінің деңгейі 8 сантиметрге көтерілді

0 128

Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су деңгейі 858 сантиметрді құрайды.

Осы сағатқа дейін құтқарушылар:

бөгеттер тұрғызды және нығайтты;

уақытша топырақ үйінділері жабдықталды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыстарды жалғастыруда.

 Мәселен, күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары атқарылды.

Ал қазіргі уақытта олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізуде.