Метеорит денесіне түскен
Тұңғыш болған керемет сезім шығар. Колумб Американы ашты, Попов радионы ойлап тапты, Нил Армстронг айға аяқ басты…ал Энн Ходжеске метеорит соғылды.
30 қараша. 1954 жыл. АҚШ-тың Алабама штаты Талладега аумағы Сулакога қаласы. 34 жастағы Энн үйіндегі диванда ұйықтап жатыр. Кенет салмағы 3,86 кило болатын метеорит бөлігі Ходжес үйінің төбесін тесіп өтіп, ұйқыдағы арудың жамбасына түседі. Қуанышқа орай, Энн ауыр жарақат алған жоқ. Тек денесі көгереді. Метеорит қаланың атымен «Сулаког» деп аталды, ал балама атауы «Ходжес» болды.
Алдымен, ережеге сәйкес, нысанды әуе күштері тексеріп, ресми қорытынды жасалды. Сосын Энн үшін күрес басталды. Ол «ғарыштық ойыншыққа» айнала жазады. Артынан адамдар түсіп, өміріне қауіп төнген. Осы тұрғыдан көп қиындық көрген ол, түптің түбі метеоритті Алабама мұражайға табыстап, тыныштық тапты. Ғалам қызық қой.