Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

0 45

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Республика күнін мерекелеуге байланысты 25 қазанда еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

«26 қазан, сенбі — кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні, олар сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді», делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.