Мемлекет басшысы «Қазан Экспо» көрме орталығына барды

0 189

Президент БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды, деп хабарлайды «Aulieatanews» Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.