Мемлекет басшысы Энергетика министрін қабылдады

0 177

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алмасадам Сәтқалиев еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде берген есебінде осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілгенін, мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құрағанын, сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткені туралы айтты.

Сонымен қатар министр, ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет беріп, жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.