Конго мен Өзбекстан Президенттері Қазақстанға ресми сапармен келеді

0 124

Ақорда баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

2-3 тамыз күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.

7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.

Сондай-ақ 9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.