Испанияда Telegram уақытша бұғатталды

0 63

Испанияның Жоғарғы соты Telegram мессенджерін медиакомпаниялардың контентті рұқсатсыз жүктеп беретіні үшін арыздануына байланысты Telegram-ды бұғаттады. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Испанияда Telegram жұмысы Atresmedia, EGEDA, Mediaset және Telefonica компанияларының өтінішіне сәйкес, уақытша 25 наурызға дейін тоқтатылды.

Судья Сантьяго Педрас талап-арыз тексерілгенше, Telegram-ның қызметін тоқтатуға келісімін берді. Соттың хабарлауынша, мессенджердің жұмысын бұғатттау мобильді байланыс операторларына жүктелген. CNMC антимонополиялық ведомствоның мәліметінше, Telegram Испаниядағы танымалдылығы жағынан төртінші орындағы сервис. Оны испандықтардың  19% пайдаланады.