Ерлан Қошанов қайтадан Мәжіліс төрағасы болды
Мәжіліс төрағасы болып Ерлан Қошанов қайта сайланды. Парламентшілер палатаның бірінші отырысында жасырын дауыс беру арқылы оның кандидатурасын қолдады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.
Мәжіліс төрағасы лауазымына бір ғана кандидат ұсынылды. Төраға лауазымына үміткерлер бойынша басқа ұсыныстар түскен жоқ.
Парламенттің төменгі палатасы спикерге жасырын дауыс беруі үшін мәжіліс залының фойесінде 6 кабина мен дауыс беруге арналған жәшік орнатылған. 20 минут ішінде депутаттарға дауыс беру үшін бюллетеньдер берілді.
«Бұл бюллетеньде өзіңіз дауыс беріп жатқан кандидаттың аты-жөнінің оң жағындағы «жақтаймын» немесе «қарсымын» деген секторлардың үстіне белгі қойыңыз», — деп түсіндірді депутат Наталья Дементьева.