Ербол Қарашөкеев таластағы зиялы қауым және жастармен кездесті

0 416

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар жергілікті зиялы қауым және жастардың өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Д. Қонаев атындағы мұражайда еркін форматта өткен басқосуда өңірдің мәдени-рухани дамуы, жастардың қоғамдағы рөлі және өзге де тақырыптар қозғалды.

Ербол Қарашөкеев Талас ауданының әлеуетін, оның ішінде инвестиция тарту, жеке кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Жиында облыс әкімі аға буын мен жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Зиялы қауым өкілдері жастардың туған жерінде қызмет етуі үшін оларға қолайлы жағдай жасау бойынша қажетті шараларды қабылдау керектігін айтты.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту, оларды мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау басты мақсат екенін атап өтті.

Мәселен, аймақта жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Әулиеата жастары» бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл бастама аясында аудан жастарын да баспанамен қамту шаралары жоспарлануда.

Жастардың кәсіп бастау, сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасына қатысты толғандырған сауалдарына жауап берілді.