Елдің барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

0 3

Алдағы жұма, 29 қараша күні Қазақстанның барлық аумағында телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қазтелерадио хабарлағандай, үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

«2024 жылғы 29 қарашада сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қазақстанның бүкіл аумағында теле және радиоарналарды ретрансляциялау тоқтатылады», делінген хабарламада.