Елді мекен шекараларын белгілеу немесе орнату

0 50

Жер-шаруашылық орналастыру жұмыстарын жүргізу – елді мекен шектерін бас жоспарға сәйкес кеңейту ұлғайту кезінде  шекараларын белгілеу.

Осы орайда айта кету керек — жергілікті атқарушы органдар бұл жұмыс түрін біздің мекеме арқылы істегендері дұрыс болады. Өйткені мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесінің базасын жүргізуші бірден-бір мекеме болғандығымыздан барлық мәліметтер өзімізде бар. Яғни бізде аталған жұмыс түрін дұрыс әрі сапалы орындауға үлкен мүмкіндіктер бар. Одан бөлек материалдық-техникалық базамыз соңғы үлгідегі геодезиялық құралдармен жабдықталған.

Елді мекендер әкімшілік аумақ шекараларының дұрыс белгіленуі ауыл округі әкімдерінің жер саласы бойынша дұрыс жұмыс жүргізуіне мүмкіндіктер туғызады.

 

Е. ЖҰМАН,

Жамбыл аудандық тіркеу және

жер кадастры бөлімінің

бас маман-тіркеушісі.

Жамбыл облысы.