Доллардың бүгінгі бағамы қандай

0 195

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 480 — 485 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 3 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 483,23 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,12 теңге.

Еуро — 534,74.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484,5 теңге. Еуро 533,5 — 537,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 485 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 — 5,18 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 2 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,86 теңгеге қымбаттап, 483,21 теңге болған.