Бюджет қаржысына сатып алынатын материал мен өнім отандық болуы керек

0 7

Премьер-министр Олжас Бектенов бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру кезінде отандық өнімді сатып алудың басымдығын атап өтті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр отандық өнімдердің баламалары бола тұра, импорттық тауарларды сатып алу мемлекеттің мүддесіне қайшы келетінін айтты.

«Жалпы қарапайым сөзбен айтатын болсақ, біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания отандық болуы керек, ол ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар отандық болуы керек. Болды. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек. Ал егер Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз oны сатып алмай, импорттап алып келетін болсақ, ол мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Оны үзілді-кесілді айту керек. Үкімет мүшелеріне және өңір басшыларына айтатыным, ескеріңіздер», деді Олжас Бектенов.