Бүгін валюта бағамы қандай?
Ұлттық валюта өткен тәуліктегі сауда-саттық қорытындысы бойынша нығайып, сессияны 1 доллар үшін 464,60 ₸ (-0,25%) деңгейінде аяқтады. Сауда-саттық көлемі 304 млн доллар болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Tengenomika» телеграм арнасының мәліметінше, рубльге қатысты бағам 5,61 теңге (-0,65%) деңгейінде қалыптасты, ал сауда-саттық көлемі 2 381 млн рубльге жетті.
Еуроның айырбас бағамы 536,63 теңге (-0,11%) болды. Сауда-саттық көлемі 1 178 мың еуроны құрады.
Юань бойынша биржалық сауда-саттық 68,84 теңге (-0,17%) деңгейінде жабылып, сауда-саттық көлемі 13 млн юань болды.