Аяздың беті қайтпай тұр: Қазақстанда суық ауа райы сақталады

0 9

22-24 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, күнтізбеде ақпан айының соңы көрсетілгенімен, Қазақстан аумағынан аяз кетпейді. Солтүстіктің салқын ағындары әсер еткен кең ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аязды, желсіз ауа райы сақталатынынан хабар береді.

«Ал оңтүстік циклонның ықпалында тек оңтүстік, орталық және шығыс өңірлер болады. Ол өзімен бірге жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі мен қарлы боран әкеледі. Алайда циклон оңтүстіктен болса да,біздің аймаққа айтарлықтай жылу әкелмейді», – деді синоптиктер.