Атыраулық құтқарушылар жүкті әйелге көмек көрсетті

0 360

Атыраулық құтқарушылар түнгі кезекшілік кезінде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылынан жүкті әйел адамды аудан орталығына қайықпен тасымалдады. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде ауыл тұрғыны жедел-жәрдем қызметкерлеріне уақтылы жеткізілді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбет ауданы Сарытоғай ауылын су басу қаупіне байланысты, өр суын қауіпсіз өткізу мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылын жалғап жатқан тасжол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылып, көлік қатынасы тоқтаған болатын. Тұрғындарды тасымалдау қайық арқылы тәулік бойы жүзеге асырылып жатыр.