Жайық өзенінде су 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр

0 1 345

Атырау облысында Жайықтағы су деңгейі 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр. Аймақта қорғаныс бөгеттері тұрғызыла бастады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр.

ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.

Кейінгі 5 күн ішінде аймаққа су келу қарқыны жоғарылаған.

«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

Атырау — 538 см. Тәулігіне + 5 см.

Индербор ауданы — 1033 см. Тәулігіне +7 см.

Махамбет ауданы — 955 см. Тәулігіне +16 см.

«Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Су одан әрі көтеріледі деп болжанып отыр», делінген ТЖМ хабарламасында.