Apple коронавирусқа байланысты iPhone сатылымын шектейді
Apple компаниясы Қытайдағы коронавирустың жаңа түріне байланысты iPhone сатылымын шектейді. Бұл туралы компанияның сайтында айтылады, — деп хабарлайды Lenta.ru.
Компания өкілдерінің айтуынша, вирустың таралуына байланысты Қытайда Apple өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың жұмысында қиындықтар туып жатыр. Нәтижесінде смартфондарың шығарылымы да шектеледі дейді.
Сондай-ақ, олар Қытайда Apple өнімдеріне деген сұраныстың төмендегенін айтады.
«Бізге қазір ең бастысы — қызметкерлеріміздің, клиенттеріміздің, серіктестеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі», — делінген компанияның сайтында.