Алып асқабақтар

0 209

Калифорнияда дәстүрлі түрде өте­тін бұл бәсекенің жыл сайын кө­рермені де, қатысушысы да артып келеді. Жарыс шарты біреу-ақ. Кімнің асқабағы үлкен, сол – жеңімпаз, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алғашында жергілікті жұрттың күзгі мерекесі ретінде басталған фестиваль қазір халықаралық деңгейге ұласты. Бір қызығы, асқабақтың салмағы қаншалықты ауыр болса, жеңімпаздың жүлдесі де соншалықты қомақты болмақ. Биылғы бас бәйгенің иегері – Миннесота штатынан келген Трэвис Гингер. Оның көкөнісі 1 121 кг болған.