Алматыда қатты жаңбыр жауды

0 340

Алматыда қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде жаяу жүргіншілер жолы мен көшелерді су басты. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәліметінше, жауын-шашын түсуіне байланысты түнгі уақытта арықта судың кедергісіз ағып кетіп, жекелеген аумақтарда су басу қаупінің алдын алу үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. шаңц құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шыққан.

«Құм салынға 2,3 мың қап дайындалды. Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

ТЖ бойынша жедел кезекшінің мәліметінше, 16 сәуір сағат 07:00 су басқан аумақ тіркелмеген. Күндізгі ауысымда 425 бірлік және 802 жұмысшы кезекшілікке шығады. Ауысымның өзгеруі желіге мейлінше көп техниканың шығуы үшін кезең кезеңмен жүргізілетіні айтылды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.