Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

0 187

12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те Алматыда жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жер сілкінісі ЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелген. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің күші 2 балл болған. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.