Әлібек Қуантыров сыртқы істер министрінің орынбасары болды

0 141

Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімі бойынша Назира Нұрбаева сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.