Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

0 4

«Қазгидромет» синоптиктері 24, 25 және 26 желтоқсан күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Болжамға сәйкес, 24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыста және шығыста атмосфералық фронттар және циклонның әсерінен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі. Тек оңтүстікте антициклон ықпалымен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Ел бойынша бұрқасын, тұман, екпінді жел, батыс аймақтарда көктайғақ күтіледі.

«Түнде ауа температурасы тек орталық және шығыс өңірлерде -20-35 градус аязға дейін төмендейді, ал қалған аумақтарда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді», делінген хабарламада.