Алдағы үш күннің ауа райына болжам

0 20

Синоптиктер 15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Болжамға сәйкес, ел аумағынан атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты күн күркіреп жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, оңтүстікте құмды дауыл болуы мүмкін.

«Батыста ауа температурасы түнде + 15+23 градус, күндіз +25+38 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6+20 градус, күндіз термометрлер +10+28 градус, еліміздің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20 градус, күндіз +15+30 градус болады. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23 градус, күндіз +27+38 градус болады», — делінген хабарламада.