Абай облысында екі адам трактормен бірге суға батып кетті

0 169

Абай облысындағы Аягөз ауданы Қарағаш ауылында трактормен бірге суға батып кеткен екі адамның оқиғасына қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Олар судан өтіп кетеміз деп ойлады», деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде құтқарушылар су басқан аймақтардағы адамдарды құтқару үшін күн сайын жұмыс істеп жатыр. Олар жиі қиын жағдайларда, соның ішінде қараңғыда электр қуатынсыз жұмыс істейді.

Айта кетейік, 26 наурызда Аягөз ауданында 66 және 38 жастағы екі адам «МТЗ 82» маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар «Шалқар» шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан.