Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кетті

0 279

Әйел полицейлерге бесінші қабаттағы терезеден өзім құлап кеттім деп айтқан.

Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Департаменттің мәліметінше, оқыс оқиға кеше болған.

«Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» нөміріне Новая көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінен әйелдің құлап кеткені туралы хабар түскен.  Жедел жәрдем бригадасы қала тұрғынын медициналық мекемелердің біріне жеткізді. Әйел түрлі дене жарақатын алды», — делінген хабарламада.

Әйел полицейлерге бесінші қабаттағы терезеден өзім құлап кеттім деп айтқан.

Қазіргі уақытта осы дерек тексеріліп жатыр.