Жеті жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

0 341

Албанияда өткен шахматтан әлем чемпионатында 7 жасар қазақ қызы топ жарды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 26-28 сәуір аралығында Адриатика теңізінің жағасында орналасқан Албанияның Дуррес қаласында кадеттер арасындағы жылдам шахматтан (рапид және блиц) әлем чемпионаты өтті. 40-қа жуық елден келген жас шахматшылар үш жас санатында бақ сынасты.

— Біздің жас шахматшыларымыз ең жоғары деңгейдегі жарқын жеңістермен қуантуды жалғастыруда. Рапид пен блицтен әлем біріншілігінде бір алтынды қоса алғанда, алты медаль жеңіп алды. Бұл — ең алдымен жаттықтырушылар штабы, ата-аналар мен спортшылардың өздері жасаған үлкен жұмыстың нәтижесі. Балалар бүкіл Қазақстанның мақтанышы ғана емес, сонымен қатар шахматпен айналыса бастаған жүздеген және мыңдаған құрдастары үшін үлгі, – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов.

Жарыста Қазақстанның атынан 22 жас спортшы бақ сынады. Алтын медальды рапидте сегіз жасқа дейін бақ сынаған Алиша Бисалиева иеленді.