Мемлекеттік қызметші баспанасынан айырылғандарға пәтер кілтін табыстады

0 1 067

Су тасқынынан зардап шеккен халыққа елдің белсенді азаматтары да көмектесіп жатыр, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Солардың  бірі – мемлекеттік қызметші, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Батырбек Әбділдин.

Торғай өңірінің тумасы бір ауылда туып-өскен азаматтардың, достарының және кәсіпкерлердің басын біріктіріп, Қостанай облысы Амангелді ауданына, Торғай өңіріндегі басқа да су басқан ауылдарға 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті.

«Қиын жағдайға тап болған ағайынға керек-жарағын, азық-түлігін жеткізу ісі алдағы уақытта да жалғасады», деді Батырбек Сұлтанұлы.