Есірткіге мас болып, телефон соққан

0 181

Жамбыл облысы, Меркі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне облыстық наркологиялық диспансерінде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы қоңырау түседі. Тексеру барысында бұл ақпарат жалған болып шықты. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы ауданның 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Есірткіге  мас күйде қоңырау шалғанын мойындаған ол бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған және есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған. Былтыр жоғарыда аталған наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде стационарлық емдеуден өткен, — делінген Ішкі істер ведомствосының хабарламасында, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстегі осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (18 миллион теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін мәлімдеді.

Есірткіге мас болып, телефон соққан  азамат сот шешімі бойынша «жалған терроризм» актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды да өтеуі тиіс.