Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына барды
Ол облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен су тасқыны жағдайы жөнінде жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Өңірде су тасқыны қаупі әлі де жоғары.
Облыстың 5 ауданы мен Орал қаласында бірнеше тұрғын үйді, Орал қаласының маңындағы саяжайларды су басты.