Таразда ағаш көшеттері отырғызылды

0 118

Тараз қаласында қала әкімі Бақытжан Орынбековтың қатысуымен қала аумағында абаттандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы аясында сенбілік өтті, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бүгін «Жеңіс» саябағына ағаш көшеттері отырғызылды. Сенбілік аясында 1260 түп көшет егіледі деп жоспарланған. Оның 300 түбі сенбілікте отырғызылды. Сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді атсалысты. Бақытжан Әмірбекұлының сөзінше, биыл қаланы көгеріштендіру үшін Тараз қаласының  аумағына 40 мың түп тал-дарақ отырғызылады.

Тазалық сақтау әр адамның борышы. Қала тұрғындары сенбілікке белсенді қатысты. Арықтар, аулалар, саябақтар, арналар тазаланды. Биыл Таразда 40 мың көшет егіледі. Оның 20 мыңы саябақтарға отырғызылады. Былтыр еккен көшеттеріміздің 80 пайызы көгеріп тұр. Бұл — жақсы көрсеткіш, — дейді шаһар басшысы.