Жамбылдық полицейлер тағы да қырағылық танытты

0 237

Жақында ғана жамбылдық полицейлер 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Т.Рұсқұлов ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тағы да мемлекеттік іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматын ұстады.

Олар көрші мемлекеттің Самарқанд облысында құны 288 миллиард сомадан (10 миллиард теңге) аса табиғи газды ұрлады деп күдікке ілінген.

Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған. Таяу уақытта іздеу салуды жариялауға бастама көтерген көрші елге берілмек.

Жамбылдық полицейлердің  басқа қылмыстарды ашу мен алдын алудағы қырағылығын айтпағанның өзінде, бар-жоғы бір аптаның ішінде екі рет мемлекетаралық іздеуде жүргендерді ұстауы және  ірі көлемде есірткі затын өткерудің жолын кесуі кәсіби қызметтерін асқан қырағылықпен атқарып жатқанын көрсетсе керек.