Бүгіннен бастап көлік салығын төлемегендерге айыппұл есептеле бастайды

0 282

28 наурыздағы дерекке сәйкес, Алматы облысында тұратын 22 879 жеке тұлғаның көлік құралдары салығына 1,9 млрд теңге берешегі бар, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

2024 жылы 302 849 жеке тұлғаның 422 155 автокөлігіне 8,9 млрд теңге салық есептелді.

Жеңілдіктері бар 32 284 жеке тұлғалардың көлік құралдарына — 310,7 млн тенге сомасына жеңілдік берілді.

2023 жылы Алматы облысы бойынша жергілікті бюджетке жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықтан 6,9 млрд теңге түсті.

Осы жылдың үш айы бойынша жеке тұлғалардан түскен көлік құралдарына салық 3,4 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар Алматы облысы бойынша МКД бүгін 2023 жылға жеке көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі екенін ескертеді. Осы талап бойынша 2 сәуірден бастап айыппұлдар есептеле бастайды.