Ауызашардан кейін темекі шегуге бола ма?

0 95

Ауызашардан кейін бірден темекі шегуге бола ма? Бұл сұраққа Нұрлан имам әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде жауап берді, деп хабарлайды Aulieatanews.

Дін өкілінің жауабы «Instagram» желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды.

— Негізі, шекпеген дұрыс қой. Бірақ, ол адам 10-15 жылдан бері темекі шегетін болса, ораза кезінде оны тастау қиын болады. Сондықтан, оған уақыт беру керек. Бәріміз ол адамға мұның арам екенін айтатын болсақ, ол темекі тастай алмайтынын сылтау қылып, ораза ұстаудан бас тартады. Одан да оны қолдайық, бәріміз теңбіз ғой. Неге біз бір-бірімізді төмендетеміз? Неге кейбір адамдар намаз оқып бастаған кезде адамдарды екіге бөліп бастайды? Мен бұлай жасай алмаймын. Ұлтымыз бір, әр қазағым — жалғызым, мен оларды бөлмеймін, намаз оқыса да, оқымаса да, тіпті ішімдікке салынған болса да, ол менің бауырым. Осы себепті бәріңізден адамдарды бөлмеуді сұраймын. Қоғам жұмыста да, көшеде де, мешітте де бөлінеді. Бөлінгеннен гөрі, бәріміз жиналып, бір болуға тырысайық, — деп жауап берді имам.