Дәрігер көктемгі әлсіздікпен күресу жолдарын атады

0 54

Маусымдық депрессия кезінде адамда немқұрайлылық пайда болады, энергиясы төмендеп, ұйқы мен зейін қою мәселесі туындайды. Пульмонолог Павел Бережанский көктемгі әлсіздікпен күресу жолдарын атады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Павел Бережанскийдің айтуынша, маусымдық депрессия әдеттегі жабырқаудан ерекшеленеді. Егер нашар көңіл-күй мен апатия ұзақ уақыт бойы кетпесе, дәрігерге бару керек. Сондай-ақ, егер белгі алғашында жоғалып, біраз уақыттан кейін қайтадан ауыр түрінде пайда болса, маманның кеңесі қажет.

Маман депрессияның кейбір белгілерін жеңілдетуге болатынын жеткізді. Ол үшін адам үнемі ашық ауада жүруге, тіпті бұлтты күндерде де серуендеуге, жақын адамдарымен араласуға және жиі күлуге кеңес берді. Оған қоса әрдайым бір уақытта ұйықтап, оянған жөн. Бұл циркадты ырғақты реттеуге және гормоналды фонды жақсартуға көмектеседі.

Сонымен қатар, маман диетаға омега-3 май қышқылы көп тағамдарды қосуға кеңес берді. Мысалы, теңіз балығы, майшабақ, скумбрия, ақсерке, теңіз өнімдері, сондай-ақ жаңғақ, зығыр майы және авокадо. Дәрумен қоспаларын қабылдап, спортпен шұғылдану көктемгі депрессиямен күресуге көмектеседі.

  1. Мәзіріңізге жемістер мен көкөністерді қосыңыз;
  2. Дәрумендер ішіңіз;
  3. Таза ауада көбірек уақыт өткізіңіз;
  4. Физикалық белсенді болыңыз;
  5. Мүмкіндік болса, үзіліс алып, жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз.