Аруанов Жалғас Әлмаханұлының сайлауалды бағдарламасы

0 9

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №2 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Аруанов Жалғас Әлмаханұлының Сайлауалды Бағдарламасы

Мен, Аруанов Жалғас Әлмаханұлы,  1995 жылы 1 наурызда дүниеге келдім. Білімім-жоғары. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетін тәмамдадым. Мамандығым бойынша музыка және құқықтану салаларында білім алдым.

Еңбек жолымды 2015 жылы Жамбыл облыстық филармониясында әртіс болып бастадым. Әр жылдары мәдениет саласында қызмет атқарып, үйірме жетекшісі ретінде еңбек еттім.

2025 жылдың қазан айынан бастап Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры қызметін атқарып келемін. Сонымен қатар, 2025 жылдың 13 қарашасынан бастап «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, 2026 жылдың мамырынан бастап “Әділет” партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы болдым.

Бірқатар жетістіктердің иегермін. Атап айтқанда, 2021 жылы «Әулиеата үміті» жастар сыйлығының лауреаты, 2023 жылы «Байзақ дарыны» байқауының «Үздік мәдениет қызметкері» аталымының иегері, 2024 жылы «Жас маман» байқауының жүлдегері атанғанмын. 2025 жылы «Әулиеата әуендері» облыстық байқауында жеңімпаз болдым. Сондай-ақ, Республикалық домбырашылар одағының мүшесімін.

Қазіргі таңда жастар саясатын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау және олардың қоғамдық белсенділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізудемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

«Жастарға мүмкіндік-ауданға серпін!»

Құрметті Байзақ ауданының тұрғындары!

Менің басты мақсатым-ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу және әрбір ауылдың өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

Жастармен жұмыс істеу барысында олардың ұсыныстары мен мәселелерін, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін жақсы түсіндім. Ауданның дамуы ең алдымен халықтың белсенділігіне, нақты іске және ортақ жауапкершілікке байланысты.

Осы мақсатта төмендегі басым бағыттарды жүзеге асыруды ұсынамын.

  1. ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ

-Жастардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдауға бағытталған жобаларды көбейту.

— Ауыл жастарының қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік жасау.

— Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды дамыту.

— Жастар арасында еріктілік қозғалысын жандандыру.

— Жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру.

— Жас отбасыларды қолдау мәселелерін көтеру.

  1. ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

— NEET санатындағы жастармен атаулы жұмыс жүргізуді күшейту.

— Жастарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға ықпал ету.

— «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмыс ауқымын кеңейту.

-Жас кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар туралы ақпараттық қолдау көрсету.

— Жастарға арналған кәсіптік бағдар беру және қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру.
— Ауылдық жерлерде өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыру.

3.АУЫЛДАРДЫҢ  ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ

— Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту мәселесін көтеру.

— Көше жарықтандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуге ықпал ету.

— Ауыз  су және интернет сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.

— Балалар ойын алаңдары мен қоғамдық демалыс орындарын көбейту.

— Ауылдардың санитарлық тазалығы мен абаттандырылуын бақылауда ұстау.

  1. БІЛІМ, СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

— Ауыл жастарының сапалы білім алуына тең мүмкіндік қалыптастыру.

— Жастарға арналған заманауи білім беру және шығармашылық алаңдарын дамыту.

— Спорттық инфрақұрылымды жетілдіру мәселесін көтеру.

— Ауылдарда бұқаралық спортты дамыту.

— Дарынды және белсенді жастардың бастамаларына қолдау көрсету.

— Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеу.

  1. «ТАЗА АУЫЛ-ТАЗА БОЛАШАҚ»

— «Таза Қазақстан» экологиялық бастамаларын жүйелі түрде жалғастыру.

— Ауылдарда сенбіліктер мен тазалық акцияларын тұрақты ұйымдастыру.

— Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

— Ағаш отырғызу және жасыл желек аумақтарын көбейту.

— Қоғамдық орындардың тазалығы мен сақталуына тұрғындарды жұмылдыру.

  1. ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТУ

— Әр ауылдың тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу.

— Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарда ұстау.

— Ауылдық округтердегі өзекті мәселелерді аудандық мәслихат отырыстарында көтеру.

— Қабылданған шешімдердің орындалуына депутаттық бақылау жүргізу.

— Халық алдында атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты есеп беру.

МЕНІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫМ

Халық үні-басты назарда.

Жастарға мүмкіндік-болашаққа инвестиция.

Ауылдың дамуы — ауданның дамуы. Мен үшін депутаттық мандат — мәртебе емес, халық алдындағы жауапкершілік. Әрбір ұсынысқа құлақ асып, әрбір өзекті мәселенің шешілуіне атсалысу-басты міндетім.

Бірлік бар жерде-береке бар, нақты іс бар жерде-нәтиже бар!

Тапсырыс жасаған тұлға: №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Жалғас

Әлмаханұлы Аруанов.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.