Акбергенова Салтанат Рахметжановнаның сайлауалды бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №14 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Акбергенова Салтанат Рахметжановнаның Сайлауалды Бағдарламасы
Мен, Акбергенова Салтанат Рахметжановна, 1970 жылы 18 шілдеде Өзбекстан Республикасы, Сурхандарья облысы, Шурчи қаласында дүниеге келдім. Білімім жоғары.
1988-1993 жылдары Термез мемлекеттік университеті “Орыс тілі мен әдебиеті” факультеті бойынша аяқтадым.
Еңбек жолымды 1993 жылы М.Маметалиев орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастадым.
1995 жылы Қазақстанға көшіп келдім. Сол жылы Макаренко орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалім болып бастадым. Қазіргі уақытта сол жерде, яғни Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында мұғалім болып жұмыс істеймін.
2018 жылдан бері мектептің кәсіподақ төрайымы болып тағайындалып, осы уақытқа дейін қызметті атқарып келемін.
2024 жылы шебер ұстаз болғаным үшін Қазақстан Республикасы оқу- ағарту министрлігінің “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталдым.
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің негізгі ұстанымым-халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстарын ескере отырып, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру.
Әрбір бастаманың түпкі мақсаты- ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, келешек ұрпаққа жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Ауылдың өзекті мәселелерін шешуде тұрғындардың пікіріне сүйене отырып, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға және әр бастаманың нәтижелі болуына басымдық беремін.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.Жол және көлік инфрақұрылымы
— Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту.
— Жөндеуді қажет ететін көшелерді кезең-кезеңімен жаңарту.
— Жаяу жүргіншілер жолдарын салу мәселесін көтеру.
— Ауыл тұрғындарының күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасау үшін көлік қозғалысына қатысты түйткілдерді шешуге бастамашылық ету.
- Сапалы ауыз су және инженерлік желілер
— Тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару.
— Су құбырларының тозған учаскелерін жаңарту жөнінде ұсыныстар енгізу.
— Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету.
— Коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізу.
- Жарықтандыру және қауіпсіздік
— Қараңғы көшелерге жарық шамдарын орнату.
— Көше жарықтандыру жүйесін жаңғырту.
— Тұрғындардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру.
— Әсіресе балалар мен қарттардың кешкі уақытта көшеде еркін әрі қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға күш салу.
- Ауылдың көркеюі мен абаттандырылуы
-Балалар ойын алаңдарын көбейту.
— Спорт алаңдарын дамыту.
— Қоғамдық орындарды абаттандыру.
-Тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын жандандыру.
— Ауыл келбетін жақсартуға бағытталған тұрғындардың өз бастамаларын қолдап, ортақ іске жұмылуына ықпал ету.
- Әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқаты
— Әлеуметтік осал топтардың мәселелерін назарда ұстау.
— Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
— Ардагерлер мен қарттарға қолайлы орта қалыптастыруға атсалысу.
— Әр отбасының әлеуметтік жағдайын ескеріп, көмекке мұқтаж азаматтардың мәселесі тиісті орындарға уақытылы жеткізілуіне ықпал ету.
- Жастар және жұмыспен қамту
— Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасау.
— Спорт пен мәдени іс-шараларды дамыту.
— Жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін көтеру.
— Жас буынның қабілеті мен бастамаларын іске асыруына мүмкіндік беретін жаңа жобалардың қолға алынуына қолдау көрсету.
- Халықпен тұрақты байланыс
— Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу.
— Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарда ұстау.
— Әрбір көтерілген мәселенің шешілу барысын бақылау.
— Атқарылған жұмыстар бойынша халыққа есеп беру.
Тұрғындармен кері байланысты формалды кездесулермен шектемей, күнделікті жұмысымның ажырамас бөлігіне айналдыру.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ
Халықтың сенімі-үлкен жауапкершілік. Сондықтан әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы назардан тыс қалмауы тиіс.
Мақсатым-округтің дамуына бағытталған нақты бастамаларды көтеріп, олардың жүзеге асуына белсенді атсалысу.
Бірлік пен ынтымақ арқылы туған өлкеміздің дамуына бірге үлес қосайық!
Мен үшін депутаттық қызмет-тек міндет емес, ел алдындағы аманат. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, тұрғындардың мұң-мұқтажына бейжай қарамай, әр мәселенің оң шешім табуына өз үлесімді қосуға дайынмын.
Тапсырыс жасаған тұлға: №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Салтанат Рахметжановна Акбергенова.
Қандай қаражат ақысынан төленген:
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.