Ақбаев Бақтияр Мұратұлының сайлауалды бағдарламасы

0 121

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына  №8 бірмандаттық  аумақтық САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША өзін-өзі  ұсынған кандидат АҚБАЕВ БАҚТИЯР Мұратұлының сайлауалды бағдарламасы

ӨМІРБАЯНЫ

Мен, Бақтияр Мұратұлы Ақбаев,1963 жылы 20 қыркүйекте Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Свердлов колхозында дүниеге келдім.

1985 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолын 1985 жылы Жуалы ауданының Н.Крупская атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастадым. 1990-1991 жылдары Свердлов ауданының А.Макаренко атындағы орта мектебінде мұғалім, 1991-1993 жылдары Свердлов аудандық Пионерлер үйінің директоры, 1993-1994 жылдары Ю.Гагарин атындағы орта мектептің директоры қызметтерін атқардым.

1994-1996 жылдары Байзақ ауданындағы «Ақбаев Н.» шаруа қожалығының мүшесі болдым. 1996-1997 жылдары Жамбыл облысындағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепте мұғалім, 1997-1999 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында бас маман, 1999-2001 жылдары осы басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқардым.

2001-2002 жылдары Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің директоры, 2002-2004 жылдары Байзақ аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, 2004-2007 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектептің директоры болдым.

2007-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, 2008-2009 жылдары осы департамент директорының орынбасары қызметін атқардым.

2009-2010 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық бөлімінде бас маман, 2012-2013 жылдары ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2013-2014 жылдары аталған бөлімнің басшысы қызметтерін атқардым. 2014-2021 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек еттім.

2021-2023 жылдары VII шақырылған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты әрі хатшысы, 2023-2026 жылдары VIII шақырылған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты әрі төрағасы қызметтерін атқардым.

2026 жылғы 12 қазаннан бастап зейнеткерлік демалыстамын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Байзақ ауданның тұрғындары!

Қадірлі жерлестер!

Мен, Ақбаев Бақтияр Мұратұлы, № 8 бірмандаттық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына өз кандидатурамды ұсынып отырмын.

Менің өмірлік және еңбек жолымның басым бөлігі білім беру, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару салаларымен тығыз байланысты. Ұзақ жылдар бойы елге қызмет етіп, халықтың талап-тілегін, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелерді жақсы танып-білдім.

2021–2026 жылдары Байзақ аудандық мәслихатының депутаты, хатшысы және төрағасы ретінде атқарған қызметім халықпен тығыз байланыста жұмыс істеудің, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетті.

Менің басты мақсатым — халықтың сенімін ақтау, өңірдің тұрақты дамуына үлес қосу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау.

НЕГІЗГІ

БАСЫМДЫҚТАРЫМ

  1. Білім беру саласын дамыту

Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету.

Білім сапасын арттыруға және оқушыларға тең мүмкіндік жасауға бағытталған бастамаларды қолдау.

Педагог мәртебесін көтеру, жас мамандарды қолдау мәселелеріне назар аудару.

Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына жағдай жасау.

  1. Ауылдық елдімекендердің инфрақұрылымын жақсарту

Ауылішілік жолдардың сапасын арттыру мәселесін көтеру.

Елдімекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге ықпал ету.

Электр желілерін жаңарту және көше жарықтандыру жұмыстарын қолдау.

Ауылдардың санитарлық тазалығы мен абаттандырылуына көңіл бөлу.

  1. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

Әлеуметтік жағынан осал топтарға қолдау көрсету мәселелерін назарда ұстау.

Ардагерлер мен зейнеткерлердің мүддесін қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға ықпал ету.

Жастарды жұмыспен қамту және олардың әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау.

  1. Денсаулық сақтау және спорт

Ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеру.

Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бастамаларын қолдау.

Бұқаралық спортты дамытуға және спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

  1. Жастар саясаты және мәдениет

Жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.

Жас ұрпақтың отансүйгіштік тәрбиесіне бағытталған жобаларды қолдау.

Мәдениет, өнер және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бастамаларына көңіл бөлу.

Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасау.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ

Мен үшін депутат болу — мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік.

Мен құр уәде беруден гөрі нақты мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуді маңызды санаймын. Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы ескерусіз қалмауы тиіс.

Жамбыл облысының өркендеуі, ауылдардың ажарлануы, тұрғындардың әл-ауқатының артуы-ортақ мақсатымыз.

Құрметті сайлаушылар!

Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін үлкен жауапкершілік. Халықтың үніне құлақ асып, ел игілігі жолында өз тәжірибем мен білімімді жұмсауға дайынмын.

Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!

Тапсырыс жасаған тұлға: №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Бақтияр Мұратұлы Ақбаев.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.