Абдыкулов Кайрат Сатбаевичтың сайлауалды бағдарламасы

0 112

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына №8 бірмандаттық

аумақтық САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША “Ауыл” партиясынан ұсынылған КАНДИДАТ

Абдыкулов Кайрат Сатбаевичтың САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өңірді дамытуға бағытталған нақты қадам

Мен, Кайрат Сатбаевич Абдыкулов, 1965 жылы 23 мамырда Жамбыл облысының Қаратау қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Білімім жоғары.

1972-1982 жылдары Свердлов ауданы, Михайловка ауылындағы КазССР 40 жылдық  атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түсіп, 1988 жылы дәрігер мамандығы бойынша тәмамдадым.

2010 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін “Экономика” мамандығы бойынша аяқтадым. 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Менеджмент” мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолым:

1988-1989 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасының базасында хирургиялық бөлімшеде интернатурадан өттім.

1989-1995 жылдар аралығында Свердлов аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде дәрігер-хирург болып жұмыс істедім.

1995 жылдан 1997 жылға дейін Жамбыл облысының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі шаруашылық есеп бірлестігі бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

1997 жылдан 2006 жылға дейін Жамбыл облыстық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің хирург-дәрігері болдым.

2006 жылғы 23 қаңтарда Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау департаменті Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының бас дәрігері лауазымына тағайындалдым.

2019 жылы 1 маусымда “Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры лауазымына тағайындалдым.

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысамын. 2019 жылдан бері “Uniserv” компаниясы тобының экономика және денсаулық сақтау мәселелері бойынша жетекшілік ететін Бақылау кеңесінің мүшесімін. “Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру”  мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатым бар.

Отбасылымын, үш бала тәрбиелеудемін.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің болашақ даму бағытын айқындап берді.

«Ауыл» партиясы үшін Жолдауда айқындалған басымдықтар-алдағы жұмыстың басты бағыттары.

Мен ауданның дамуы үшін 7 басымдық ұсынамын:

  1. Әділетті мемлекет-өркендеген қоғам

“Заң мен тәртіп” қағидатына бағына отырып, адал еңбек ету арқылы төмендегі мақсаттарымызға қол жеткізуді көздеймін:

1) азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бойынша, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу;

2) өңір тұрғындарының өмір сүру сапасына кері әсер ететін мәселелер бойынша  шешімдер қабылдауға белсене қатысу;

3) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілету.

  1. Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар -тұрақтылық негізі

Сапалы отандық өнімнің әрбір азаматқа қолжетімді болуын және өңір өндірушілерінің еңбегі лайықты бағалануын жақтай отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) өнім өндіру, өңдеу және өткізудегі күш-жігерді біріктіру үшін,  тауар өндірушілер кооперациясын дамытуға жәрдемдесу;

2) мемлекеттік қолдауды шынымен өнім өндіретін және жұмыс орындарын құратын адамдарға бағыттау;

3) өңірдегі өнім өндірушілердің мүдделерін қорғау;

4) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсету.

  1. Сенімді инфрақұрылым-өңірлерді дамыту кілті

Өңірде кешенді дамыту саясатын қолдай отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) жергілікті деңгейдегі барлық жолдардың сапалы салынуын тұрақты түрде бақылауда ұстау;

2) су ресурстарының тапшылығын болдырмау мақсатында тиімді және үнемдеп пайдалану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) “Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы” аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының құрылыстарына  жеткілікті қаржы бөлінуіне ықпал ету;

6)  барлық инфрақұрылымдық жобаларға қоғамдық бақылау орнату.

  1. Әділетті әлеуметтік саясат-өмір сапасының кепілі

Әр азаматқа лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін, отбасы әл-ауқатын нығайтатын және қала мен ауыл тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыру үшін:

1) өңірдің экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін қызмет көрсету және өндірістік персоналдың еңбек жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;

2) мүгедектігі бар азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтылуына және қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қолдау көрсету;

3) барлық ауылдардағы денсаулық сақтау ұйымдарының қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету;

4) коммуналдық қызметтер саласындағы тариф белгілеудің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған шараларға,  оның ішінде тарифтердің өсуіне қоғамдық бақылау жасау;

5) ардагерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларға қолдау көрсету.

  1. Білім мен ғылым-болашаққа бастар жол

Қазіргі заманның басты қуаты — білім мен ғылымда, озық инновацияларда. Осыған орай төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) ауылдық квота бойынша оқу бітірген түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету;

2) қолжетімді оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесу;

  1. Дәстүрлі отбасы саясаты-мемлекет іргетасы

Аға буынға құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, жастардың өз қабілетін іске асыруына жағдай жасау және әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға қолдау көрсету — басты міндет.

  1. Экология – тұрақты даму кепілі

Жасыл аймақтарды дамыту және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бағытында саябақтар мен гүлзарлар құру, көгалдандыру, жасыл аймақтарды құрылыстан қорғау және абаттандыру іс-шараларын іске асыру.

Менің бағдарламам-өңірді дамытуға бағытталған нақты қадам.

Баршаңызды “Ауыл “ партиясын қолдауға шақырамын!

Гүлденсе ауыл — гүлденеді еліміз!

Тапсырыс жасаған тұлға: №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Кайрат Сатбаевич Абдыкулов.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.