Әуе билеттерінің бағасы көтеріледі
Келесі жылы әлем бойынша әуе билеттерінің бағасы тағы да өседі. Еуропада ұшақ билеттерінің бағасы жанармайдың қымбаттауы, салықтардың өсуі және рейстер санының қысқаруы салдарынан тағы 20%-ға дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Ирландияның Ryanair әуе компаниясының басшысы Майкл Кевин О’Лири мәлімдеді.
Оның болжамына АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жалғасып жатқан қақтығысы негіз болған. Осы жағдайға байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті. Соның нәтижесінде авиациялық керосиннің құны екі есеге жуық қымбаттады.
Қазіргі уақытта мұнайдың бір баррелінің бағасы – 206 доллар. Бұл – қақтығыс шиеленісе бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Жағдайды көптеген әуе компанияларында жанармай бағасының одан әрі өсуінен қорғайтын сақтандырудың жоқтығы да қиындатып отыр.