Сауданы алға сүйреген ауқымды жоба
Облыстың сауда саласында да алдыға жылжу бар. Атап айтсақ, осы жылдың 9 айында облыстағы статистика департаментінің мәліметі бойынша сауда көлемі 847,9 миллиард теңгені құрап, сауданың нақты көлем индексі 102,2 пайызға жеткен. Ал бөлшек сауда көлемі 473 миллиард теңгені болып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға жоғарылаған, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар сауда кәсіпорындарының бөлшек саудада тауар өткізу көлемінің 1,6 пайызға өскен. Ал жеке кәсіпкерлердің сауда айналымы 14,4 пайызға төмендеген. Көтерме сауда айналымы 9 айда 372,4 миллиард теңгені немесе 2025 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 102,1 пайызды құраған. Көтерме тауар айналымының құрамында азық түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі басым.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдайға тоқталар болсақ, жалпы кәсіпкерлік сала бойынша облыста 14639 заңды тұлға тіркелген, оның 12410 жұмыс істеп тұрған ұйымдар. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарындағы тіркелген заңды тұлғалардың саны 11522-і құрап, бір жыл ішінде 6,3 пайызға азайған. Сондай-ақ шағын бизнес саласында 66277 жеке кәсіпкер тіркелген, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2 пайызға азайған.
Ал шаруа және фермер қожалықтарының саны 29253, бір жылда 0,1 пайызға төмендеген. Дегенмен 28461 шаруа және фермер жұмысын жүргізуде.
Осы ретте атап өтерлігі, баға мәселесі. Жалпы халық үшін ең өзекті мәселелердің бірі – бағаның өзгеруі. Осы жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының индексі 2025 жылғы желтоқсанға шаққанда 106,4 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,2, азық-түлік емес тауарлар 6,7, ақылы қызметтер 8,9 пайызға өсті. Жекелеген азық-түлік тауарлары арасында бағаның неғұрлым айтарлықтай өсуі сәбіз, картоп, тұз, қой еті, алма, жартылай ысталған шұжық, қатты ірімшік пен шайда байқалып отыр.
Сонымен қатар жекелеген тауар түрлері бойынша бағаның төмендеуі тіркелген. Яғни жарма өнімдері, кеңсе тауарлары мен автомобильдердің бағасында төмендеу бар. Ал қызмет көрсету саласында тұрғын үй қызметтерінің, судың, электр энергиясының, газдың және отынның басқа да түрлерінің бағасы ең жоғары қарқынмен өсіп, 15,1 пайызды құраған.