Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

0 11

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Төрехан Сабырхан финалда Иордания өкілі З.Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл – Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Бұған дейін Қазақстан боксшылары 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған. Ал 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль иелене алмаған.

Осылайша, Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілісті тоқтатып, Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені тарту етті.